Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты

Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 18:20 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, "Время" газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 9 сәуірде белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды. Ол 58 жаста еді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көңіл айтты.

Лев Тараков ұзақ жылдар "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры; Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі; Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің басшысы; "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы "Газета Литер" ЖШС бас директоры.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: