Тоқаев келесі аптада арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр

Тоқаев келесі аптадаарнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 20:30 Сурет: pixabay
Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы кеңес өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.


"Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: