Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші Төрағасы, "Отан" орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
"Өмірбек Байгелдіұлы – еліміздің егемендік алуының бастауында тұрған біртуар тұлға, Отанымыздың игілігі үшін бар күш-жігерін салған азамат. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылуына үлкен үлес қосты. Ол өзінің бай өмірлік тәжірибесі мен ерекше адами қасиеттерінің арқасында қоғамда құрметке ие болды. Ел тарихында жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады", - делінген жеделхатта.
Бұған дейін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаттың бірінші төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болғаны хабарланған болатын.
2023 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шежіресінде есімдері мақтануға тиіс тұлғалардың қатарына Өмірбек Байгелдінің есімін атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript