Жамбыл облысында бес баланың анасы жеті жыл бойы алимент төлемеген

Счетная машина, счетная машина с тенге, зарплата, зарплаты, заработная плата, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 12:08 Фото: Zakon.kz
Прокуратура әлеуметтік маңызды санатқа жататын атқарушылық құжаттар бойынша алиментті өндіру шараларын белсенді түрде жүргізуде.

Шу ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі бес баланың анасы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, 2018 жылдан бастап 1,4 млн теңгеге берешек жинақталған.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғандығы, алайда төлеу үшін қажетті шаралар қолданбағаны анықталды." Жамбыл облысының прокуратурасы

Сондай-ақ, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі бар екені анықталды.

2025 жылдың ақпан айында тараптардың өзара келісімі бойынша аталған үй алимент берешегін өтеу есебіне берілді.

"Қол жеткізілген медиативтік келісімге сәйкес борышкер алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттенді." Жамбыл облысының прокуратурасы

Наурызда тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды, бұл ақталатын негіз болып табылмайды.

Қабылданған шаралар профилактикалық әсер етті және алимент бойынша берешектің толық өтелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: