СҚО-да балықшыларға қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту жасалды

СҚО-да балықшыларға қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 13:49 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында 15 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салу кезеңі басталады. Бұл уылдырық шашумен және аймақтың су ресурстарын қорғау қажеттілігімен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл.news ақпаратынша, сәуір айының ортасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында уылдырық шашу кезеңінің басталуына байланысты балық аулауға тыйым салу қолданыла бастайды.

Шектеулер балықтар мен судағы өзге де тіршілік иесінің популяциясын сақтау үшін енгізіледі. Заң бұзғандар айыппұл арқалайды, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы хабарлағандай, тыйым ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес қолданылады және Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары шегіндегі Есіл бассейнінің су айдындарына іске асырылады.

Тыйым салу күнтізбесі

  • Шортан, Ақтұқы, Көксерке: 15 сәуірден 15 мамырға дейін;
  • Сазан (тұқы): 20 мамырдан 20 маусымға дейін;
  • Гаммарус: 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін;
  • Артемия асшаяны: 1 наурыздан 15 маусымға дейін;
  • Өзен шаяндары: 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;
  • Есіл, Нұра, Силета өзендерінде және олардың салалары мен су қоймаларында балық аулау: 20 сәуірден 20 мамырға дейін.

Ведомствода облыс тұрғындарын табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бұған дейін Алматыда Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналы абаттандырылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: