Шерзат Полаттың үйіне өрт қою ісі бойынша күні бүгінге дейін бірде-бір күдікті анықталмаған

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 2025 жылғы 10 сәуірде Сенаттың кулуарында Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді деген күдікке ілінгендердің неліктен әлі табылмағандығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Сараптамалардың үлкен шеңбері жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалар бойынша белгілі бір нәтижелер бар. Оның қазір неліктен тоқтатылғанына келсек, біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жібердік. Спутник арқылы ол кезде үйдің маңында қандай машиналардың тұрғанын көргіміз келді. Зерттеуді толық жүргізбекпіз. Сондықтан оған біраз уақыт кетеді", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал, 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.
Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript