Нұрғазы Әбдіқанов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Верховный Суд РК, верховный суд, суд, судебный процесс , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 14:19 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары 2025 жылғы 10 сәуірде пленарлық отырыста Жоғарғы Соттың судьясы Нұрғазы Әбдіқановты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлын отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қарауға шығарды.


"Судья зейнеткерлік жасқа жетті, 27 жылдан астам судьялық жұмыс тәжірибесі бар, сот қауымдастығында лайықты беделге ие. Осыған байланысты, құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының Әбдіқановты отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз", – деді ол.

Бұған дейін президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: