Қазақстанда Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Қазақстанда Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 16:03 Сурет: sud.gov.kz
2025 жылғы 19 маусымда палатаның жалпы отырысында Сенат депутаттары Сара Жармұхамбетованы Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуға дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов оқып берді.

Сара Жармұхамбетованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы Сіздің қарауыңызға ұсыныс енгізілді. Сара Азымбекқызы зейнеткерлік жасқа толды, 28 жыл судьялық тәжірибесі мол, судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие", – деді ол.

Сенат депутаттары қызметінен босатуға дауыс берді.

2024 жылғы 19 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босату туралы ұсынысы мақұлданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: