10 сәуірдегі саудада доллар бес теңгеге арзандады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 16:08 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 10 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,26 теңгеге төмендеп, 515,18 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,01 теңгеге (-0,0076) түсті.

Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 70,15 теңге (-0,4) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 514,1-516,5 теңге, еуро 566,9-572 теңге, рубль 5,97-6,09 теңге аралығында сатылуда.

10 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 2,98%-ға арзандап, барреліне $63,53 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 3,02%-ға арзандап, барреліне 60,47 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 520,48 теңге, еуроны 574,61 теңге, рубльді 6,06 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: