Жаңаөзенде балалар алаңында ойнап жүрген бала зардап шекті

Жаңаөзенде балалар алаңында ойнап жүрген бала зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 21:45 Сурет: видео скрині
Жаңаөзенде балалар ойын алаңынан басымен төмен құлаған кішкентай бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada-ның хабарлауынша, оқыс оқиға 4-шағын аудандағы балалар алаңында, №18 және №19 үйлердің арасында болған. Көшедегі бақылау камерасынан алынған видеода ойын алаңында жүрген баланың әуелі басымен құлап, кейін орнынан тұра алмай қалғанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, бала ауруханаға түскен. Оқиға 8 сәуірде болған.

Шағын аудан тұрғындарының сөзінше, бұл жағдайға балалар ойын алаңының апаттық жағдайда тұрғаны себеп деп отыр. Ата-аналар қала әкімдігінен ойын кешенін қауіпсіз етуін сұрап отыр.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі  баланың ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілгенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: