Qnet қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылардан Астанадағы жеті пәтер мен Toyota Camry көлігі тәркіленді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Qnet қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеуді Монополияға қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді. Бұл туралы 2025 жылғы 11 сәуірде ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің берген ақпаратына сүйенсек, күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған "QVI tripsaver" саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген.
Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген.
Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.
"Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды." ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және "Toyota Camry" автокөлігі тәркіленді.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы.
"Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз." ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript