Түркістан облысында жүргізушіден "синтетикалық" есірткі тәркіленді

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқару барысында, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 13:28 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқару барысында, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері 25 жастағы тұрғынның басқаруындағы ВАЗ 2102 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында полицейлер жүргізушінің көлігінен 2 доза синтетикалық каннабиноид есірткісін тапты.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: