Шымкентте жаңа жоғары оқу орны ашылады

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте халықпен кездесуінде салық реформасы туралы айтып, Дональд Трамптың қандай шешімін құптайтынын айтқан болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 16:02 Сурет: akorda.kz
Шымкентте жаңа университет ашылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі мен Мәдениет министріне тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында белгілі болды.

"Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте халықпен кездесуінде салық реформасы туралы айтып, Дональд Трамптың қандай шешімін құптайтынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: