Көкшетауда студенттер жас жігітті қорқытып, микрокредит алдырған

Көкшетауда студенттер жас жігітті қорқытып, микрокредит алдырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2025 15:53 Сурет: unsplash
Көкшетаудағы оқу орындарының бірінің үш студенті жергілікті колледждің оқушысын микрокредит алуға мәжбүрлеп, ақшаны өздері алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаны Көкшетау полиция басқармасы қызметкерлері тіркеді.

"Қылмыс жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы үш студент анықталды. Олар 2006 жылы туған танысын 175 мың теңге көлемінде микрокредит алуға қорқытып мәжбүрлеген болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Белгілі болғандай, күдіктілер мен жәбірленуші әртүрлі оқу орындарында оқиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: