Алматыда мопед жүргізушісін қуған полицейлердің әрекеті желіде тарап кетті

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 12:43 Фото: pixabay
Қазнетте алматылық полицейлердің мопедистті қуған бейнесі кең тарауда. Оқиғаға қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таяуда Kris_p_almaty Telegram арнасында жарияланған бейнеде мопедисттің көгал арқылы полицейлерден қашып кетпек болғанын көруге болады. Алайда, ол рульге ие бола алмай құлап түседі, бұған қарамастан жаяу қашпақ болған оны полицейлер ұстап алады.

2025 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласының полиция департаменті (ПД) жарияланған бейнеде тоқтау туралы талаптарды елемей, полиция қызметкерлерінен жасырынуға тырысқан мопед жүргізушісін қудалау фактісі тіркелгенін нақтылады.

"Қашып кетуге тырысқанына қарамастан, оның ішінде жету қиын жерлерде жаяу жүгіргеніне қарамастан, құқықбұзушы ұсталды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Алматы ПД баспасөз қызметі


Бұған дейін елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: