WhatsApp-та жаңа мүмкіндіктер пайда болды

Бірінші жаңалық – пайдаланушыларға басқа қолданушылардың аты-жөнін өзгерткені туралы хабарлама жіберу. Wabetainfo сайттының ақпаратынша, енді мессенджер кез келген қолданушы өз аты-жөнін жаңартқанда (өзгерткенде немесе өшіргенде), бұл туралы оның контакт тізіміндегі адамдарға тікелей чат арқылы автоматты түрде хабарлайды. Яғни, әрбір өзгеріс кезінде чат арқылы арнайы хабарлама шығады.

Сурет: wabetainfo
Бұл функция қарым-қатынастағы ашықтықты қамтамасыз етуге арналған, яғни атын өшірсе немесе кенеттен өзгерген кезде түсініспеушіліктер мен күдіктердің болмауы үшін қажет.
Сондай-ақ, жаңа функция белгісіз пайдаланушылардың түпнұсқалығын анықтауда маңызды рөл атқарады.
Тағы бір жаңа мүмкіндік – жіберілетін бейненің ұзақтығы 90 секундқа дейін ұзарды. Нақтырақ айтқанда, 60 секундтан 90 секундқа артты.

Сурет: wabetainfo
Бұған дейін "Болашақ" бағдарламасы бойынша жас шектеулері енгізілгені хабарланған болатын.