"Болашақ" бағдарламасы бойынша жас шектеулері енгізілді

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 09:03 Фото: Zakon.kz
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов "Болашақ" бағдарламасына жас шектеуін енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Уәде" бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында Әділ Құсманов білім беру бағдарламасының 78 жастағы қатысушысының жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол бұған дейін үміткерлер үшін жас шектеулері болмағанын, тіпті зейнеткерлік жасқа толғандар да өтініш бере алатынын атап өтті. Енді министрдің бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енді ғылыми тағылымдамадан өтудің жас шегі ерлер үшін 59 жас, әйелдер үшін 57 жас болып белгіленді. Бұйрық қазірдің өзінде бекітіліп, күшіне енді.

2025 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: