Атырауда марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан, бұрын сотталған 33 жастағы БҚО тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеке тінту кезінде 1 түйіншек пен 1 дана пышақ тәркіленді. Сондай-ақ жеке автокөлігін тексеру барысында 1 Iphone 15 ұялы телефоны және 3 түйіншек табылды. Сондай ақ күдіктінің көрсетуімен қала аумағында тағы 35 түйіншек анықталып, тәркіленді. Алынған заттар салмағы 32,61 грамм болатын "марихуана" есірткі заты екені анықталды
Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript