Талдықорғандық жасөспірімдер есірткі таратумен айналысқан

Талдықорғанда есірткі таратумен айналысқан жасөспірімдер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 18:23 Сурет: polisia.kz
Талдықорған қаласының полициясына тұрғын үйлердің бірінің жанында күдікті адамдардың жүргені туралы хабарлама түскен. Азаматтар құқық қорғау органдарынан тексеруді сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция жасағы барып, Ескелді ауданынан келген 17 және 18 жастағы екі жасөспірімді ұстаған. Тексеру барысында олардың Талдықорған аумағында есірткі таратумен айналысқаны анықталды.

Жеке тінту кезінде күдіктілердің бірінен ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар екі зип-пакет табылып, тәркіленді. Оның айтуынша, бұл – мефедрон есірткісі. Ал екінші күдіктіден осындай зат салынған 95 зип-пакет тәркіленді.

Тергеу барысында жасөспірімдер тыйым салынған заттарды жасырған орындарын көрсетті. Полицейлер қосымша 21 зип-пакет тауып, тәркілеген. Жалпы, 116 орам есірткі заттары тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Екі күдікті қамауға алынды. Полиция заңсыз есірткі айналымы, соның ішінде есірткіні жасырын қойып кету әдісі ауыр қылмыс санатына жататынын және оған мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: