Өлімнен қол сағаты құтқарып қалды - соғыс ардагері Павел Даценконың оқиғасы

Өлімнен қол сағаты құтқарып қалды - соғыс ардагері Павел Даценконың оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 15:01 Сурет: Павел Даценконың отбасының жеке мұрағатынан
Павел Даценко 1944 жылы қаңтарда өлді деп саналған жерінен өлім аузынан қалған батыр. Осынау Ұлы Отан соғысының ардагерінің шытырманға толы оқиғасын Zakon.kz тілшісі тыңдап қайтты.

2025 жылдың қаңтарында Павел Васильевич Даценко 100 жасқа толды. Сарбаз өз өмірін балалары мен немерелеріне дұрыс құндылықтарды сіңіруге арнады.

"Атам өте еңбекқор, жауапкершілігі мол, ұқыпты адам. Бірақ оның ең басты қағидаты – әділеттілік пен адалдық сезімі. Ол ешқашан материалдық игіліктер үшін ар-ұжданын ысырып тастамады. Тіпті ол әкесінің үйін сатқанда да барлығына үлестерін теңдей бөліп берді. Өзінің марқұм ағасының ұлын да құр алақан қалдырмады",- деп еске алды Павел Васильевичтің немересі Алексей Беликов.

Павел Даценконың балалық шағы ел Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыпқа енді келген жылдармен тұспа-тұс келді. Ол 1930 жылдардағы аштықты, электрлендіруді, поляр зерттеушілері мен ұшқыштардың ерліктерін еміс-еміс есіне алады.

Сурет: Павел Даценконың отбасының жеке мұрағатынан

1942 жылы мектеп қабырғасын аяқтаған Павел машина-трактор станциясында қысқа уақыт қана жұмыс істеп үлгерді. Желтоқсан айында әскерге шақырылып – 379 қосалқы атқыштар полкіне қосылды. Ал, 1943 жылдың жазында Украина майданында соғысты.

Бұдан бөлек, жас қостанайлық Курск шайқасына, Корсунь-Шевченков шабуылына және Ясско-Кишинев майдан операциясы құрамында болды.

"Менің есімде қатты қалғаны атамның контузия алғаны жайлы әңгімесі. Ол соққы әсерінен есінен танып, контузия алған, алайда оны бәрі өлдіге санап, көміп тастаған. Дегенмен, сол маңнан өтіп бара жатқан танкіші оның қолындағы сағатқа назар аударып, оны алмақ болғанда, атамның қолынан импульсті сезген. Осылайша, оны қазып алып, ауруханаға жеткізді. Бұл кезде, атамның аты-жөні еске алу кітабы мен Жеңіс саябағына жазылып қойған. Дегенмен, кейіннен өшірілді. Атам бұл оқиғаға Құдайдың сыйы ретінде қарайды",- деп бөлісті Алексей Беликов.

Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Даценконың денсаулық жағдайы журналистермен тілдесуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, бұл рөлді соғыс батырының жақындары сәтті алып шықты.

Сурет: Павел Даценконың отбасының жеке мұрағатынан

Даценко Румыния, Венгрия, ішінара Чехословакия үшін шайқастарға қатысты. Жеңісті Вена маңында қарсы алды.

Соғыстан кейін Павел Васильевич оқудан өтіп, барлау қызметінің түрлі бағыттары бойынша тергеуші болып жұмыс істей бастады. Оның ішінде КГБ басқармасының басшылық лауазымдарында (қазіргі Қостанай облысы бойынша ҰҚК – шамамен. ред.) полковник атағымен құрметті демалысқа шықты.

"Ағам екеуміздің ата-анамыз қайтыс болған кезде, атамыз бізді барлық жағынан қолдады: оқу ақысын төледі, өмірлік ұстанымдарды сіңірді. 9 мамырда біз әулет болып жиналамыз. Бұрын атам таңертең шеруге баратын, біз де Жеңіс саябағына келетінбіз, ал кешке бір үстелде бас қосамыз", – деді батырдың немересі.

Павел Васильевич Даценко келесі марапаттарға ие болды: II дәрежелі "Отан соғысы" ордені, Ресей Федерациясының ФСБ "Жеңіс туы" ведомстволық ордені, "Германияны жеңгені үшін", "Ерлік үшін" медальдары, Кеңес Одағының маршалы Жуков медалі. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Даценко "Ерен еңбегі үшін"медалімен марапатталды.

Даценко өзінің соғысқа деген көзқарасын 2018 жылы жарық көрген "Сказания о довоенном мире, войне окопной и незримом фронте" кітабына жазып шықты.

Бұған дейін Қазақстанда қанша ардагер бар екендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: