АҚШ-та аутизмнің экологиялық себептері анықталмақ

АҚШ-та аутизмнің таралуына қатысты экологиялық факторларды анықтау үшін жаңа зерттеулер жүргізілмек.
Елдің денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди осылай деп мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында министр зерттеу кезінде ауа, су, тамақ, ультрадыбыс, ата-аналардың жасы, семіздік пен диабет деректері есепке алынатынын айтты.
Аутизмнің неден пайда болатыны белгісіз. 2000 жылдан бастап АҚШ-та мұндай диагноз көбейген, деп жазады qazaqstan.tv.
Кеннедидің айтуынша, зерттеу нәтижелері қыркүйекке таман белгілі болады.
"Аутизм қоршаған ортаның әсерінен болады. Ген эпидемия тудырмайды. Экологиялық токсинді іздеп табуымыз керек. Біреулер сол уытты ауаға, суға, дәрі-дәрмекке, тамаққа қосып, пайда тауып отыр. Екі-үш аптада аутизмге әкелетін экологиялық токсиндерді анықтау бойынша зерттеулер басталады." Роберт Кеннеди, АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрі
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript