Алматыдағы аудандардың бірінде суық су өшіріледі
Сурет: pexels
2025 жылғы 18 сәуірде Алматының Түрксіб ауданындағы кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттарда суық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы су" кәсіпорнының хабарлауынша, ,ұл шектеу таңғы сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.
Бұл шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу және технологиялық жабдықтарды жаңарту жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Суық су болмайтын мекенжайлар:
- Спартак көшесі – Рихард Зорге көшесі – теміржол жолдары – Жансүгіров көшесі – Ержанов көшесі шеңберіндегі тұрғын үйлер мен басқа да нысандар;
- Әкімшілік ғимараттар: №50, №83, №59, №76 мектептер, №9 емхана, №1 БСПМ, №65 бөбекжай, "Карусель" балабақшасы, Түрксіб ауданы әкімдігі, "Алматы-1" вокзалы, аудандық ішкі істер бөлімі, ХҚКО.
Әлеуметтік нысандарға су автоцистерналар арқылы жеткізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript