"Бозжыра" визит орталығы, кеме құрастыру верфі: Тоқаев Маңғыстаудағы инвестициялық жобалармен танысты

"Бозжыра" визит орталығы, кеме құрастыру верфі: Тоқаев Маңғыстаудағы инвестициялық жобалармен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 19:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, "Бозжыра" визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді. 

Құны 36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 трлн теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: