Алматыдағы әуежайда оқу-жаттығулар өтеді: азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 09:49 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
21 сәуірде Алматы халықаралық әуежайының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі ведомство мәліметінше, шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер енгізілмеген. Оқу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған.

"Қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды және қатысы бар мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздерін қадағалап, жалған ақпарат таратпау керек",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, штаб ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: