Қазақстандағы шетелдіктер: олардың саны қанша және қандай лауазымдарды иеленеді

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 09:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 891 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін, 22 сәуірде Zakon.kz тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен (ЕӘҚМ) хабарлады.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат),

құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 439 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 541 және 1 023 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші бар. Оларда 376 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,4% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 885 адам, Өзбекстан – 1 614 адам, Үндістан – 1 150 адам, Түркия – 1 124 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз.

2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: