Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат сотталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 10:21 Фото: Zakon.kz
Көлік полицейлері Степногорск қаласында марихуана өсіретін фитозертхананы жойды. Ұйымдастырушы сотталды.

Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақмола облысы Степногорск қаласындағы пәтерлердің бірінде марихуана өсіретін фитозертхананы анықтап, жойды.

Сот шешімімен 37 жастағы шетел азаматы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске салсақ, операция 5 ақпанда Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен өтті.

Тінту барысында жасанды өсіру жүйесінің элементтері, химиялық заттар, тұқымдар және есірткі заттарының белгілері бар бұталар табылып, тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде ер адам тұқымдарды мессенджер арқылы тапсырыс беріп, өсімдіктерді үй жағдайында өсіргені анықталды. Ол жасаған ісін мойындады, есірткі қолдану фактісі медициналық сараптамамен расталды.

Ұсталған сәтте пәтерде оның кәмелетке толмаған бес баласы да болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: