Бас прокуратура Дина Таңсәрінің ісі бойынша жаңа деректерді ашты

Әлеуметтік желілерден "НеМолчи" қорының басшысы Динара Смайылованың (Дина Таңсәрі) Черногориядан пана сұрағаны белгілі болды. Ақпаратты бүгін, 2025 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органының хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда Динара Смайыловаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі үзілген.
"Экстрадициялық рәсім шеңберінде 2025 жылғы 15 сәуірде Черногория соты Д.Б.Смайылованы Черногорияда баспана беру туралы қаралмаған өтінішіне байланысты қамаудан босатты. Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайтын болады". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Еске салсақ, 2023 жылғы 27 желтоқсанда полиция Дина Таңсәріге іздеу жариялаған болатын. Онда Алматының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смайыловаға (Дина Таңсәріге) қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript