"Семей орманы" төңірегіндегі кезекті жанжал: жарты миллиард теңгенің көшеті қолды болды

"Семей орманы" төңірегіндегі кезекті жанжал: жарты миллиард теңгенің көшеті қолды болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 14:09 Сурет: pixabay
"Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен Абай облысының жергілікті тұрғындары көшеттерді ұрлады деген күддікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі.

"Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген. ​Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.​ 260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бұған дейін "Семей орманы" филиалы басшысының жалған дипломмен жан бағып келгені жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: