Тек институт емес, бірліктің тірі зертханасы: сенатор ҚХА-ның қызметіне тоқталды

Тек институт емес, бірліктің тірі зертханасы: сенатор ҚХА-ның қызметіне тоқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 15:16 Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан халық Ассамблеясының XXXIV сессиясына дайындық қарсаңында Қазақстан Республикасының Сенат депутаты Ольга Булавкина Zakon.kz тілшісіне қазіргі әлемдегі этносаралық және дінаралық шиеленістердің аясында институттың қызметінің маңыздылығын айтып берді.

Сенатордың айтуынша, Қазақстан халық Ассамблеясы – бұл Қазақстанның этносаралық келісім моделінің бірегей коды.

"ҚХА – бұл тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да ерекше институт. Парламенттік өкілдік құқығы бар Конституциялық институт, бірлік пен келісім принциптеріне негізделген, ол тұрақтылық пен прогрестің бейнесіне айналды. ҚХА-ның өңірлердегі рөлі – этностар арасында диалогты қамтамасыз ететін, қақтығыстарды алдын алу арқылы тұрақтылықты сақтайтын, мәдени әртүрлілік пен экономиканы дамытуға ықпал ететін әлеуметтік құрылым", – деп атап өтті Ольга Булавкина.

Ол ҚХА тек институт емес, "бірліктің тірі зертханасы" екенін және оның тәжірибесі келесі негізгі ойларды дәлелдейтінін айтты:

  • Әртүрлілік – бұл қауіп емес, ресурс.
  • Диалог пен өзара құрмет бөлінуден күшті.
  • Тұрақтылықты саналы түрде құруға болады.

Булавкина президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ҚХА – біздің ортақ байлығымыз, оны қорғап, дамытуымыз керек" деген сөздерін еске салды.

Сонымен қатар, ол бұл тәжірибе қазіргі әлемде, этносаралық және дінаралық шиеленістердің артып келе жатқанын ескере отырып, ерекше маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясы 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: