Оралда Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті

22 сәуір күні Орал қаласындағы Қазақстанның инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі" атты салтанатты шара өткізілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 16:30 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
22 сәуір күні Орал қаласындағы Қазақстанның инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі" атты салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шарада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техника, сол кезеңдегі жәдігерлер мен фотосуреттер қамтылған көрме ұйымдастырылды.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Келушілерге соғыс тарихы мен жеңіс жолындағы батырларымыздың ерліктері туралы ақпарат беріледі.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шарада Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы А.Әйтімов, "Генералдар кеңесі" Президиумының төрағасы, генерал – лейтенант Б.Сарсеков, БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шукеева, "Ерен еңбегі үшін" медальiнiн иегері, БҚО Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әнесов, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Ә.Баяхов сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің маңызы, соғыс ардагерлерінің ерлігі және бүгінгі ұрпақтың міндеттері туралы ойларын ортаға салды.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шара барысында өнерпаздар Ұлы Отан соғысына арналған әскери – патриоттық композицияларды орындап, қоян – қолтық ұрыс қимылдары мен тәсілдерінен көрініс көрсетті.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шараның соңында барлық қатысушыларға солдат кашасы ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: