Синоптиктер 24 сәуірде қар жауып, күн райы бұзылуы мүмкін өңірлерді атады

Қар, 24 сәуір, Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 18:21 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 24 сәуірінде ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, ауа райының қолайсыздығы бүкіл республиканың өң бойынан сезіледі. 

"Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу өңірінің таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, желдің екпін алуы. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады". "Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, өрт қаупі мына өңірлерде жоғары:

  • батыста, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында;
  • Қызылорда облысының орталығында.

"Алдағы тәулікте республикамыздың оңтүстігі мен оңтүсті-шығысындағы таулы өзендерде су ағының ауытқуы байқалатын болады. Есіл өзенінде (СҚО) су деңгейінің көтерілуі байқалады", – делінген гидрологиялық болжамда.

Бұған дейін мамандар 2025 жылдың 24-26 сәуірі аралығында республикамыздың басым бөлігі антициклон ықпалында болатынын, күннің күрт салқындайтынын айтқан

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: