Синоптиктер қар жауып, күн күрт суыйтын ел өңірлерінің атын атады

Қар, ауа райы болжамы, 7 қазан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 19:50 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы - 2025 жылғы 7 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Болжамға сәйкес, күн күрт суыйды деп күтіледі:

  • Алматы облысында және Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус,
  • ал Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында 1-3 градус суықты көрсетеді.
"Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар республикамыздың бірқатар облыстарында мынандай сипаттағы табиғат құбылысы кездеседі:

  • жоғары өрт қаупі - Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендейтіні ескертілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: