Синоптиктер сынап бағаны 9 градус суықты көрсетіп, үсік жүретін ел өңірлерінің атын атады

Үсік жүреді, ауа райы болжамы, Қазақстан, 16 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 17:58 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 16 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес түнде үсік жүреді деп күтіледі:

  • Жетісу облысында сынап бағаны 4-9 градус суықты,
  • Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді.
"Алдағы тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды, ал батыста, еліміздің солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай табиғи құбылыстар күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі - Маңғыстау облысында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы өңірінің батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.

Айта кетсек, сәрсенбі, 15 қазандағы ауа райына антициклон мен атмосфералық фронттардың әсері болатыны ескертілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: