Көптен күткен жылы күндер: Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний лес, осенний парк, парк осенью, лес осенью, роща Баума, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 16:00 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары ел бойынша алдағы үш күнге – 18, 19 және 20 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер мәліметінше, күшті антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыруды жалғастыруда.

"Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерде сақталғанымен, күндіз термометр бағандары +5…+10°С жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңір тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады — күндізгі ауа температурасы +15…+20°С шамасында болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі.

Бұған дейін Өскеменге ұшқан ұшақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайына қайта оралғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: