Қазақстанның солтүстігі мен шығысында -13°С дейін аяз бен қар күтіледі

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 13:53 Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 7–9 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

"Алдағы күндері елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ауа райы ашық болады. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер кей өңірлерде температураның айтарлықтай төмендейтінін атап өтті:

  • түнде солтүстік және орталық аймақтарда сынап бағанасы -1...-7°С дейін төмендеп, күндіз +4...+16°С дейін жылынады;
  • шығыс өңірлерде түнгі уақытта -5...-13°С дейін суытады, күндіз ауа температурасы +3...+11°С шамасында болады.
"Елдің қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет".

Бұған дейін синоптиктер Астанада суық, Алматыда жылылық, ал Шымкентте ыстық ауа райы болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: