1300 теңгеден: алматылықтарға картоп бағасына қатысты түсініктеме берілді

Овощи, продукты питания, овощной отдел, картофель, картошка, цены на картофель, цены на картошку, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 14:57 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы картоп бағасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеме Үкімет қаулысына сәйкес, картоп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілгенін еске салды.

"ӘМАТ бойынша жергілікті атқарушы органдар бағаны реттеу шеңберінде сауда үстемесіне бақылау жүргізіледі: онда ол сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы тиіс", – деді басқармада.

Ведомство қазіргі уақытта "Magnum" сауда желісінде картоп форвардтық сатып алу механизмі бойынша 193 теңгеден/кг бекітілген бағамен сатылып жатқанын хабарлады.

Алайда, бұл бағадан жоғары болатын өзге де картоп түрлері бар.

"Сонымен қатар, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін "Magnum" сауда желісінде көкөніс өнімі түрлері кеңейтілген, Пәкістан, Өзбекстан елдерінен әкелінген, сондай-ақ басқа елдерден әкелінген жылыжай картобы сатылуда", – деп түсіндірді.

Ведомство әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстау бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты.

"Қазіргі уақытта басқарма маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністерді жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуде, бұл өнімдер "Small" және "Magnum" ірі сауда желілерінде сатылады", – делінген Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ақпаратында.

Бұған дейін Астана дәмханаларының бірінен қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: