Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар дизель таппай, сенделіп жүргендеріне шағымдануда

Дизель тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 20:42 Сурет: pixabay
Алматы тұрғындары қалада бірнеше күннен бері дизель таппай қалатын жағдай туындағанына шағымдануда. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Zakon.kz-ға аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Алматы қаласында 213 жанар-жағармай құю станциясы (ЖЖМ) жұмыс істейді, оның ішінде ірі алты желіге 176 ЖЖМ бекеті немесе 80%-ы тиесілі екені нақтыланады. Алматы қаласына ЖЖМ үш мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі (ПКОП – 40%, ПМХЗ – 35%, АМӨЗ – 25%).

"Бүгінгі таңда қаладағы ірі желілерде және мұнай базасында шамамен 10,2 мың тонна дизель отыны бар, 3-4 күн ішінде шамамен 3,8 мың тоннасы тағы жеткізіледі деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта Алматы қаласында Алматы облысынан және басқа өңірлерден келіп жатқан ауыр жүк транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына сұраныстың артқаны байқалады. Алматы қаласының жекелеген жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель отынының тапшылығы туындауы мүмкін. Ол 2023 жылы 15 наурыздан бастап Шымкент қаласындағы "ПетроҚазақстанОйл Продактс" мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының қолға алынуымен байланысты", делінген хабарламада.

Осы кезеңде республикамыздың мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерінің едәуір бөлігін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін агроөнеркәсіптік сектордың басым қажеттіліктеріне бағыттайды.


"Отандық МӨЗ келісімшарттарда көрсетілген көлемдер бойынша өнімдерді жөнелтіп, өз міндеттемелерін орындап жатқанын қосымша айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда мұнай өнімдерін жеткізу жайы бір жолға қойылған, мұнай базалары мен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, ірі ЖМҚС желілеріне дизель отынының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге және бөлінетін көлемді ұлғайтып отыру жағынан қолдау көрсетуде", делінген хабарламада.

Бұған дейін алматылықтар қалада осымен үшінші тәулік жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель отыны жоқтығына шағымданған болатын. Тек коммуналдық қызмет көліктеріне ғана талон бойынша дизель босатылуда. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: