Жол үстіндегі жалын: Семейде жүк көлігі өртеніп, құтқарушылар шұғыл әрекет етті

Жол үстіндегі жалын: Семейде жүк көлігі өртеніп, құтқарушылар шұғыл әрекет етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 18:11 Сурет: видео скрині
Бүгін, 24 сәуірде Семейдегі Абай көшесінде жол үстінде келе жатқан жүк көлігінің мотор бөлігінде және салонында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кәсіби өрт сөндірушілер көбік оқпанын беріп, оттегі ағынын жауып, бірнеше минут ішінде өртті сөндірді. 

Зардап шеккендер жоқ.

"ТЖМ егер алғашқы минуттарда машинаны өз күшімен сөндіру мүмкін болмаса, жанармай багының жарылу қаупі жоғары болғандықтан, одан қауіпсіз қашықтыққа кету керек екенін еске салады!", - деп ескертті ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: