Атырау – Құлсары арасында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2026 15:54 Фото: zakon.kz
ЖҚАЖ қызметкерлері жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісін құтқардын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан сәтте Атырау – Құлсары тасжолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқаған.

Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем қызметі шақыртылып, 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оқыс оқиғаның алдын алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: