Қызылордада құтқарушылар өрт кезінде ер адамды жалыннан алып шықты

Адам құтқарылып, жарылыстың алды алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 20:45 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды.


"ТЖМ күшімен өрт салдарынан күйік алған ер адам құтқарылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 3 газ баллонын уақтылы шығарып, соның арқасында ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды", - деп хабарлады ведомство.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: