Павлодарда өртеніп жатқан үйден өрт сөндірушілер ер адамды аман алып шықты

Өрт, Павлодар, Бұқар Жырау, бес қабатты тұрғын үй, ер адам, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 20:13 Сурет: pixabay
Павлодар қаласындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттарының жанып жатқанын анықтады.

"Барлау жұмыстары барысында көрші пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды. Өрт жедел оқшауланып, толықтай сөндірілді. Жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына не түрткі екені анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: