Таразда құтқарушылар өртенген пәтер ішінен әйел адамды аман-есен сыртқа алып шықты

Жедел жәрдем, өрт, Тараз, құтқарушылар, әйел адам, бес қабатты тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 19:37 Сурет: Zakon.kz
Таразда бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, қожайыны көк түтін ішінде қалып кетті. Құтқарушылар оны өрт ішінен аман-есен сыртқа алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2025 жылы 1 шілдеде 112 желісіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт болып жатқаны туралы оқиға куәгерлерінің бірінен хабар келіп түсті. 

"ТЖМ өрт сөндірушілері 50 жастағы пәтер иесін түтін басқан үйден аман-есен алып шықты. Оқиға орнында зардап шеккен әйелді Апаттар медицина орталығының дәрігерлері қарады. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. Тұрғындарды эвакуациялау шарасы жүргізілген жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында үлкен зардаптың алды алынды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: