Шымкентте екі баланың өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

Шымкентте екі баланың өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 21:16 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте алты жасар баланың өліміне әкелген оқыс жағдай бойынша қос кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған. Тергеушілер олардың немқұрайлы қарағаны 1-сынып оқушысының нәжіс суға құлап, мертігуіне әкелді деп отыр.

"Құрылыс жұмысында қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін қою бойынша міндетін орындамаған. Қылмыстық іс қозғалып, полиция аталған ЖШС басшыларын қамауға алды. Аталған құрылыс әлі бітпеген. Әкімдік балансына алынбаған" Шымкент полиция департаменті бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков

Былтыр "Тұран" шағынауданында кәріз құбыры жарылып, оны жамауға келгендер техникамен ор қазып тастап кеткен. Оған нәжіс суы толып, тереңдігі үш метрлік көлшікке айналғанын тұрғындар әкімдікке талай айтқан. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдап, олар тағы бір компанияға тапсырып, ақыры жұмыс істелінбей қалған. Соның салдарынан кәріз су толы шұңқырға алты жасар бала құлап көз жұмды. Тергеуде қазір қамауға алынған мердігерлерден бөлек, әкімдік қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: