Балқаш көлінде су деңгейі көтерілді

Балқаш көлінде су деңгейі өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 09:42 Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Бір жыл ішінде Балқаш көлінің су деңгейі 12 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Су ресурстары және ирригация министрлігі былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 2,9 млрд текше метр болағанын атап өтті.

"Бұл өңірдің экологиялық ахуалына және Іле өзенінің сағасына оң әсерін тигізіп отыр",- делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қапшағай су қоймасын толтыру Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарында суару маусымын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Балқаш көліндегі су көлемі трансшекаралық Іле өзеніне байланысты. Өзен ағысы Қапшағай су қоймасы арқылы реттеледі.

Биыл су қоймасынан Балқашқа 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында жылан қаптағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: