Онкологиялық ауруларға жүргізілетін скринингтер енді қолжетімді бола түседі

Скрининг, онкология, ауру, тексеру, денсаулық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 13:39 Сурет: freepik
Онкологиялық ауруларға скринингтер енді МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан жүргізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, атап айтқанда, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау, сондай-ақ мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша маңызды шаралар іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Онкологиялық ауруларға скринингтер енді МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан жүргізілетін болады. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жүйесіне көшуде. Бұл жас және медициналық өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстанның барлық азаматтары енді скринингтен өте алатынын білдіреді.

  • Сонымен, әйелдер сүт безі обырының скринингінен 40-70 жас аралығындағы (40, 42, 44 ... 70 жас) әйелдер әр екі жыл сайын өтуі мүмкін. Ол маммографияны екі проекцияда қолдану арқылы жүзеге асырылады, содан кейін қажет болған жағдайда — ультрадыбыстық, мақсатты маммография жасалып, биопсия алынады. 
  • Жатыр мойны обырына диагностиканы 30-70 жас аралығындағы әйелдер әр 4 жыл сайын (30, 34, 38 … 70 жас) цитологиялық жағынды (Папаниколау тесті) алу арқылы өте алады, қажет болған жағдайда кольпоскопия, биопсия қолданылады.
  • Колоректалдық обырға зерттеп-қараудан 50-70 жас аралығындағы (50, 52, 54 …70) ерлер мен әйелдер әр екі жыл сайын гемокульт-тест (нәжісті жасырын қанға талдау) әдісімен, оң нәтиже кезінде — бейнеколоноскопия және гистология өтеді.


"Скринингтер тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі. Қабылданған шаралар халықты онкодиагностикамен қамтуды едәуір арттыруға, ауруларды ерте анықтауды және уақтылы емдеуді қамтамасыз етуге, яғни — денсаулық пен өмірді сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қабылдаған бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді", делінген ДСМ хабарламасында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті дерт туралы қазақстандықтарға үндеу жолдағанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: