ШҚО-да қытайлық компанияға миллиард теңгеге айыппұл салынды: себебі белгілі болды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 15:54 Фото: Zakon.kz
ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.

"2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды",- делінген ақпаратта. 

Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды". Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі ветеринарларға 50 қызметтік автокөліктің кілтін табыстағаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: