Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 16:50 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүруде. Оның алғашқысы Байзақ ауданында пайдалануға берілді.

Өткен аптада Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы мен мүшелері, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ республиканың басқа өңірлерінің ветеринарлары аталған нысанмен жан-жақты танысты. Сондай-ақ делегацияға ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, өңірде 75 ветеринариялық пункттің қажеттілігі анықталған. Осы мәселені шешу мақсатында биыл емдеу алаңдары бар, бірыңғай жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның 20-сы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынуда.

2026 жылы 35 ғимарат құрылысы жүргізіледі деп күтілуде.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, Жамбыл облысы ветеринария саласына жаңашылдықтар енгізу бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Әсіресі, ветеринариялық пункттер салу жобасы тиімділігін көрсетіп отыр.

Айта кету керек, облыста 2025 жылы ветеринария саласын дамытуға 4,6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салада 1 055 маман еңбек етеді, соңғы екі жылда жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсті.

Ветеринариялық станцияларда 316 қызметтік техника бар. Биыл облыстық бюджет есебінен 50 жаңа автокөлік сатып алынды.

Бұдан бөлек, ветеринарлар 160 дана термосөмкемен қамтамасыз етілді. 29 млн теңгеге маусымдық қызметтік киім сатып алу көзделіп отыр.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс аумағында 48 биотермиялық шұңқыр бар. Ағымдағы жылы 25 шұңқыр құрылысын жүргізу жоспарланып, 13-нің құрылысы қарқын алған. Қалған 12 шұңқырдың жер телімі нақтылануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: