Ақтөбе облысында 234 миллион теңгеге салынған саябақтың сиқы қашып тұр

Саябақ, орындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 12:44 Сурет: pexels
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы құрылысы бес жылға созылған саябақтың сиқы қашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" ақпаратынша, қазынаның қыруар қаржысына салынған жерде демалып отыруға мүлдем жағдай жасалмаған дейді жергілікті тұрғындар.

Қандығаштың қақ ортасындағы саябақ құрылысына бюджеттен 250 миллион теңгеге жуық ақша бөлініпті. Оны мердігерге бес жылға бөліп төлеп, құрылыс та түскен теңгеге байланысты ұзарған. Бірақ құны қомақты саябақтың сапасы келіспей отыр.

"Әуеліде қуандық "жақсы болды, бүкіл бала ойнайтын болды, көшеде жүрген балалар" дедік. Өзіміз де барып отыратын болдық деп. Алқам-салқам. Айтсаң, "ақша жоқ" дейді. Кімге айтамыз? Сонымен қалды. Ақша жоқ, жеге ұшқан".Әсия Омарова

Тұрғындардың айтуынша, мәрмәр тастары мүжіліп, ауласы құлап, орындықтары сынған. Ал жарық мүлдем жоқ. Сонда да Мұғалжар ауданының әкімдігі былтыр құрылысты қабылдап алған. Шеунеуніктер саябақ құрылысының кем-кетігін мердігер кепіл мерзім бітпей тұрғанда жөндейді деп сендірді.

"Өздеріңіз көрдіңіздер, ауласы құлап жатыр, жасыратыны жоқ. Сәулет‑құрылыс бөлімі қабылдады. Мердігерге хат жазған болатын. Ауласы құлап жатқаны, қалпына келтіру жөнінде. Олар енді қалпына келтіреді".Қазыбек Аққайыр, Қандыағаш қаласының әкімі

Бұған дейін Түркістан облысында шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: