Мылтықты кім атты, қыздар не істеді: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі тың мәліметтері жарияланды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 13:09 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 29 сәуірінде Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғайыпбаевтың деректеріне сүйенсек, мылтықты ол атпаған.

Тергеуші: "Күдіктілердің және қорғалуға құқығы бар куәлердің жауаптарына сәйкес, сіз оқиға орнында мылтықпен екі-үш мәрте атыс жасағансыз. Осы жайлы не айта аласыз?"

"Мен ол жерге мылтық алып келсем, басында-ақ атпаймын ба, менде мылтық болған жоқ. Олардың не себепті олай айтып отырғандарын білмеймін",- деп жауап берді марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың.

Мұнымен қоса, оның айтуынша, қыздардың бірі дүкеннен Қаржаубай Нұрымовты шығармай қойған, екіншісі Мерседес көлігінің артқы сол жақ есігін ашып, бір жылтыр нәрсені алып беріп тұрған.

Бұл ретте, қорғалуға құқығы бар куә Нұрбекова өзінің шок жағдайын алға тарта отырып, дүкеннің маңында тұрып қалғандығын айтқан болатын. Ал, екінші куәгер Дана Жақсыгелді мылтық атылғаннан кейін, мерседес көлігінің ішінде отырғанын, ештеңге естімегенін және көрмегенін баса айтты. Екі куәгер де мылтықты марқұм Нұрғанат Ғаепбаевтың атқанын жеткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: