"Сені де өлтіреміз деп қорқытты": Шерзат Полаттың анасы марқұм ұлын қалай құтқармақ болғанын айтты

2025 жылдың 18 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру бойынша сот процесі жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта Шерзаттың анасы Гүлбар Бишембиева айғақтар келтірді.
"Түнде күйеуім қоңырау шалып, Шерзаттың біреуді ұрғанын айтып, Нұрқанатты оятуды өтінді. Ол ұйқысынан тұрып, көлікпен кетті. Біз уайымдап, енем екеуміз де бірге шықтық. Шамамен 15 шақты адамнан тұратын топты көрдік, олардың арасында екі қыз болды. Көліктен түсе бере, "Делайте" деген сөзді естідім, артынша Шерзатты ұрып бастады. Сол арада Абзалдың Ахметті ұрып жатқанын да көрдім. Сонда, Нұрқанат Ахметті қорғай түсті, одан кейін барлығы Нұрқанатқа жабылды. Мен Шерзатқа жүгіргенімде, мені жолда білегімнен Абзал мен Нұрбол ұстап қалды. Мен олардан ұлыма тиіспеуін өтіндім. Абзал мені "үніңді өшір, әйтпесе сені де өлтіреміз" деп қорқытты. Сол сәтте мен қыздарды көріп қалдым. Олар біздің бағытқа қарай тас лақтырды. Мен олардан полиция шақыруды өтіндім, алайда олар ештеңе істімеді". Гүлбара Бишембиева
Гүлбара Бишембиева Абзал Шынасылдың Шерзатқа қалай пышақ сұққанын, оның құлап аузынан қан атқылағанын айтты. Сол сәтте ана босап шығып, ұлының қасына жүгірген. Оны құшақтаған. Ал, Шерзат болса "маған пышақ сұғып алды" деп, көзін жұмған.
"Нұрқияста мылтық болды, оның қасында Равиль жүрген. Олар алдымен Нұрқанатты соққыға жықты сосын Равильдің оған үш-төрт рет пышақ тығып алғанын көрдім. Сосын бізге келді. Шерзат жатқан, қозғала алмады. Нұрқияс оның басына үш-төрт рет пышақ сұғып алды. Мен оны қорғауға тырыстым. Маған олар мені өлтіретінін айтты. Сол сәтте, үйлерден біреулер шыға бастады, солай олар қаша жөнелді...Барлығының қолында пышақ болды. Бәрі төбелеске араласты". Гүлбара Бишембиева
Бұған дейін сот алдында Шерзат Полаттың әжесі куәлік еткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript